Моңғолия кириллицадан бас тартып, көне Шыңғысхан жазуына көшпекші

/uploads/thumbnail/20170710062812121_small.jpg

Монғолия 2025 жылдан бастап іс-қағаздар саласында көне моңғол жазуын пайдаланбақшы деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі CentralAsian порталына сілтеме жасап.

Монғолиядағы жалпы білім беретін мектептерде 1991 жылдан бастап ескі моңғол жазуы атты пән енгізілген. Бұл әліпби 28 кескіннен тұрады, әрі жоғарыдан төменге қарай жазылады.

Тарихи деректерге сүйенсек, ескі моңғол жазуы Шыңғысханның бұйрығымен жасалынған. Шыңғысхан бұл жазуды найман ханы Даянды жеңгеннен соң,  шежіре жазушысы Тататунғамен бірлесіп ұйғыр әліпбиі негізінде енгізген. Орта ғасырларда ескі моңғол жазуында «Құпия шежіре», «Алтын шежіре», «Қазына құндылығы»  ,«Ганжур» және «Данжур» сынды буддаға арналған  киелі  кітаптар жазылған.

Моңғол тілінің қазіргі әліпбиі 1940 жылы орта Азиядағы Кеңестік республикалармен бірге  арабтан латынға, латыннан кириллицаға көшкенде   қабылданған.

Аңыз бойынша,Шыңғысханның бастамасымен ескі моңғол жазуы  тұтқынға түскен ұйғыр хатшыларының қолданатын соғды, арамей әліпбиілерімен тамырлас ұйғыр жазуы негізінде енгізілген.

Айта кетер болсақ, Соғдылар – парсы тайпаларымен араласып кеткен ежелгі тәжіктердің атар-бабалары, және  жойылып кеткен шығыс-иран тектес халықтардың өкілдері болып табылады. Соғды жазуы ежелгі арамей әліпбиіне негізделіп оңнан солға қарай жазылады.

Толықтыра кетсек, арамей - ежелгі Христа тілі. Қазір күрд тілі арамей тіліне өте жақын тіл.

Ескі моңғол жазуы Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр Автономиялық аймағында  әлі қолданылады.

Жаңа жазуда Шыңғысхан ұйғыр хатшыларынан  тілдің ең ескі формасының  толық қамтылуын талап еткен. Себебі  ол уақытта әр-түрлі диалектілерді пайдаланатын моңғол тайпалары ара-қатынасының нығайуы аса маңызға ие болған.

Ескі моңғол жазуы вертикальді бағытта  бағандары солдан оңға қарай жазылады

Шолушы: Арафат Дербесұлы

Қатысты Мақалалар