Дәулет Тұрлыханов қызметін ауыстырды

/uploads/thumbnail/20170710062854794_small.jpg

Бүгін құрлықтық конгресте Дәулет Болатұлы Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті болып сайланды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі szh.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Сайлауға 14 үміткер қатысқан. Нәтижесінде қазақтың даңықты балуаны ең көп дауыс жинап, Азия күрес кеңесінің президенті болып сайланды.

Айта кетейік, Дәулет Тұрлыханов бүгінгі таңда Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясының вице-президенті қызметін атқарып келеді.

Грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері, және жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Әлем чемпионы және күміс жүлдегері, қола жүлдегері, Әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы, 12-ші Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы, 24-25-ші Олимпиадалық ойындарының күміс, қола жүлдегері болған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар