ДАИШ өкілі орыс тыңшысын бауыздап тастады

/uploads/thumbnail/20170710062845575_small.jpg

 ДАИШ өкілдерінің бірі орыс тыңшысын бауыздап тастады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Қолға түскен орыс тыңшысының есімі Евгений Петреко екен. Ол тыңшы ретінде Сирия жерінде ұсталған. Террористтер оны өлтірмес бұрын «кәпір» деп жазылған қара түсті киім кигізеді де оны бауыздап өлтіреді. 

«Бұл ақымақ, өз елінің тұтқынға түсіп қалсаң да тастап кетпей, көмектесеміз деген сөздеріне сеніп қалған»,- дейді ДАИШ өкілі.

Бұл оқиғаның нақты қашан болғаны туралы ақпарат жоқ. Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрі бұл оқиға туралы сұхбат берген.

«Сириядағы ресейлік жауынгерлердің бәрі тірі, аман-есен. Олар өздеріне берілген тапсырманы орындап жатыр»,- деп мәлімдеген.  

Шолушы: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар