Өлім жазасына кесіліп, тірі қалғандардың ғажайып тағдыры (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710062930748_small.png

Өмір таңғажайып оқиғаларға толы. Күнделікті өмірде адамдар түрлі апатты оқиғаларда аман қалып жатады. Көбінесе бұл жағдайларды кездейсоқтық немесе жолы болғыштық деп те атап жатамыз, Алайда өмірде өлім жазасынан кейін де аман қалған адамдар бар екен. Өлім жазасынан кейін аман қалған 10 адамның тізімін Қамшы ақпараттық агенттігі назарларыңызға ұсынады.  

Элизабет Проктерге 1962 жылы «мыстан» деген айып тағылып, өлім жазасына кесіледі. Сол уақытта Элизабет жүкті болған. Өлім жазасына кесілер сәтте, оның мойнындағы арқан үзіліп кетіп жерге құлайды. Жұрт оны өлді деп ойлағанымен ол аман қалады.

Джон Генри Джордж Ли әйелдерді азаптап, өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген. Оның мойнына арқан байлап, биік қорғаннан төменге 3 рет лақтырған. Алайда ол белгісіз себептермен аман қалған.

Уильям Дуэл Лондында жасөспірімдерді зорлағаны үшін тұтқындалған. Оның қасында 4 досы болған. Олардың барлығына өлім жазасы тағайындалыпты. Оларды өлді деп ойлаған дәрігерлер оны хирургиялық тексеруден өткізеді. Алайда дәрігерлердің бірі Уильямның тыныс алып жатқанын байқайды.

Золейхад Кадхода күйеуінің көзіне шөп салғандығы үшін өлім жазасына кесіледі. Шығыс елдеріндегі дәстүр бойынша күйеуінің көзіне шөп салған әйелдерді таспен атқылап өлтірген. Бұл әйелге тұрғындардың барлығы тас лақтырып, өлді деп мәйітханаға апарғанда ол тірі болып шығады.

Винселао Мигель Мексика еліндегі революция кезінде тұтқындалған. Ол ату жазасына кесіліпті. Оған 9 - оқ атылғаннан кейін, ол аман қалып, қашып кеткен. Кейіннен ол ұзақ өмір сүріпті.

Джон Смит бірнеше үй мен банк тонағаны үшін өлім жазасына кісілді. Оның мойнына арқан байлап өлтірмекші болған істері жүзеге аспайды. Кейіннен ол аман қалып, біраз жыл өмір сүреді.

Анна Грин өзінің бастығынан жүкті болып қалады. Ол сәбиін дүниеге әкелгеннен кейін өлтіріп алады. Анна сәбиінің мәйітін жасырғысы келгенмен бәрібір тұтқындалады. Ол өлім жазасына кесіліп, адамдар жерге көміп жатқан кезде адамдар әйелдің тыныс алып жатырғанын байқайды. Кейін оны дереу ауруханаға жеткізеді.

Иосиф Самуил бірнеше адамды өлтіріп, тонап кеткені үшін тұтқындалған. Ол асу арқылы өлім жазасына 3 рет кесілген. Алайда ол тірі қалады. Оның мойнына байланған арқан үзіліп қала бергеннен кейін оны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Мэгги Диксонның күйеуі қайтыс болған. Ол күйеуінен айрылған соң өзінің жаңа туған сәбиін өзенге лақтырып жібереді. Кейіннен ол тұтқындалып, өлім жазасына кесілген. Оны көметін кезде, табыттың ішінен дауыс шыққан. Мэгги тірі қалып сол уақыттан кейін 40 жыл өмір сүріпті.  

Вилли Фрэнсис 16 жасында дәріхана қызметкерін өлтіргендігі үшін өлім жазасына кесілген. Оны электр үстелі арқылы өлтіру туралы бұйрық шыққанымен ол тірі қалған.

Дайындаған: Әсел Өтешова

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар