Еуропа мен Азия бойынша көптеген ұйымдар зиянды бағдарламалардың кесірінен кибер шабуылға тап болған деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.
MalwareHunterTeam кибер қауіпсіздік сарапшылары тобының мәліметінше, вирустың шабуылынан Ресей мен Тайвань аймағындағы серверлерге зиян келген.
Англия, Испания, Италия, Германия, Португалия, Түркия, Украина, Қазақстан, Индонезия, Вьетнам, Жапония мен Филиппин елдерінің компьютерлік жүйесіне де шабуыл жасалған.
«Жаңа вирус өте жоғары жылдамдықпен таралады» дейді MalwareHunterTeam зерттеушілері.
Қауіпті бағдарламалар компьютерлерді бұғаттап оны ашу үшін битконй түрінде ақы төлеуді талап етеді.
«Жоспарлы техникалық жұмыстар»
Ресейлік бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша, Ресейде ІІМ мен байланыс операторларына хакерлік шабуыл жасалған.
"Мегафон" өкілі Петр Лидов-Петровский компания компьютерлеріне шабуыл жасағанын, бірақ абоненттердің байланысына әсер ете алмағанын айтады. IT мамандары вирус таралмауы үшін жүйені өшіруіне тура келген.
Қазір аталмыш компания «Касперский зертханасымен» қосылып зиянды бағдарламаны өшіруге талпынуда.
"Вымпелком" ("Билайн") өкілі Анна Айбашеваның айтуынша, олар шабуылға тойтарыс бере алған.
Вирусты шабуылды Ресейдің ІІМ Баспасөз қызметі де мойындап отыр. Бұдан бұрын ІІМ ақаулар «жоспарлы техникалық жұмыстармен» байланысты дегенді айтқан.
ІІМ ресми өкілі Ирина Волк мыңдаған компьютерде вирус бар екенін хабарлады. Бұл 1% төмен көрсеткіш.
«Қазір вирустың көзі жойылды. Оны толықтай құртып, жұмысты қайта қалпына келтіру үшін техникалық жұмыстар атқарылып жатыр» дейді Ирина Волк.
Ресейдің тергеу комитетінің төрағасы Светлана Петренко тергеу комитетінен ешқандай шабуыл жасалмағынан айтқан.
Төлем ақы – 600 доллар
Британияның денсаулық сақтау қызметі аурухананың компьютер жүйесі «бопсалаушы компаниялардың» кесірінен істен шыққанын бұған дейін хабарлаған.
MalwareHunterTeam сарапшыларының берген ақпаратына сәйкес, компьютерлер WanaCrypt0r 2.0 зиянды бағдарламалармен шабуыл жасалған. Ол алғаш рет 2017 жылдың ақпан айында шықты.
«Касперский зертханасының» мамандары шабуыл Microsoft жүйесі арқылы жасалғанын анықтаған.
«Бұғаттан шығару үшін зиянкестер $600 көлемінде қаржы талап етіп отыр. «Касперский зертханасы» 74 елге 45 000 шабуыл жасау әрекетін анықтады.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет
Пікір қалдыру