Президент Назарбаев ресми сапармен Қытайға барды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Елбасы «Бір белдеу, бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысу үшін Бейжің қаласына барды. Аталған форум 2 күнге жалғасады.
Айта кететін болсақ, кеше Өзбекстан президенті Мирзиёев, бүгін Түркия президенті Ердоған да Бейжіңге барған еді. Сондай-ақ көптеген Азия елдері басшылары да Қытайға барды.
Елбасының Бейжіңге сапары аясында Бейжің метросында Қазақстан туралы сызба көрме ұйымдастырылған.
Пікір қалдыру