Надежда Шаповал есімді жалдамалы күтуші қарауындағы баланы ұрып-соққан деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Украиналық Марианна есімді әйел Түркияда күйеуімен бірге тұрады. Олардың Яман есімді 2 жасар ұлдары бар. Күйеуі басқа қалаға жұмыс бабымен кетіп қалған соң, әйелге бала қарауға көмекші қажет болған.
Надежда Шаповал Сума қаласынан Ыстамбұлға көшіп келген. Туристік визамен Ыстамбұлға келген ол заңсыз түрде жұмыс тауып беретін агенттікке орналасқан. Осы арқылы Марианна бұл әйелді жалдайды.
Надежда бұл отбасында 4 ай істеген. Оның қызметіне: үй жинау, тамақ әзірлеу, бала қарау кірген. Сол үйде тұрған, тамақтанған, айына 500$ еңбекақы алған. Үй иесі Марианна ауруханаға жатуына тура келген. Баланы күтушімен қалдырмас бұрын үйге камера орнатқан. Мұндай әрекетке баруға баласының соңғы уақыттары денесінде көгерген дақтардың пайда болуы мен баласының күтушімен оңашада қалғысы келмейтіндігі себеп болған. Ауруханадан шыққан Марианна камерадан күтушісінің баласын ұрып-соққан кадрларына куә болған. Баланың жылағанына мән бермей, оны жұлқылап, тыныштандырудың орнына ұрып-соққан. Марианна күйеуімен үйіне қайта оралғанда Надежда қашып үлгерген. Баланың қазіргі жағдайы нашар дейді анасы. Бірнеше күн бойы кіші дәретке отыра алмаған бала әбден бетіне лақтырылған памперстен кейін шошып қалған көрінеді. Қазігі уақытта бала дәрігерге қаралып жатыр. Ал қашып кеткен бала күтушісі Түркияның Мармарис қаласында ұсталды.
Шолушы: Назерке МҰСА
Пікір қалдыру