2 жылда 200 келі тастаған әйел таңғажайып оқиғасымен бөлісті (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710063614420_small.jpg

Көптеген елдерде семіздікке шалдыққан адамдарды жиі кездестіріп жүрміз. Әсіресе АҚШ-та осы мәселеге тап болғандардың саны көбеюде. Семіздікке шалдыққандардың бірі Никки Вебстердің қалай салмақ тастағаны жөніндегі мәліметті Қамшы ақпараттық агенттігі оқырмандардың назарына ұсынады.            

34 жастағы  Никки Вебстер семіздіктен көп қиындық көріпті. Тіпті еркін қозғала алмаған. Оның салмағы 300 келіге дейін жеткен.

Кейін ол өзгеру керектігін түсініпті. Ол барлығын тастап, дәрігер Новзарадан жұмыс жасайтын Техас қаласына көшіп келген. Сонымен бірге ол шетелдік телеарналардың біріндегі бағдарламаға да қатысып үлгерген. Ол бағдарламада Никки қалай салмақ тастағаны туралы бар шындықты айтқан.

Алғашқы уақытта Никки дұрыс тамақтану арқылы 25 келі салмақ тастау керек болатын. Содан кейін ғана оған операция жасалған. Никки 3 айдың ішінде 25 келіні тастап үлгерді.

Операция сәтті аяқталып, 12 айдың ішінде 94 келі салмақ тастайды. Осы жағдайдан соң Никки тағы да салмақ жинап аламын ба деп қорқып дәрігермен ақылдаса бастайды. 

Осы кезде оның өмірінде қайғылы оқиға орын алады. Никкидің семіздікпен күресіп жүрген досы операциядан кейін қайтыс болады. Бұл жағдай Никкидің психологиясына қатты әсер етеді. Алайда Никки тез есін жиып, семіздікпен күресін одан әрі жалғастыра береді.

Оның салмағы 15 келіге жеткен кезде, оған артық теріні жою үшін операция жасау керек болады. Операция кезінде оның ішкі ағзасынан қан кетіп, өмірін құтқару үшін тағы да операция жасауға тура келеді.

Барлығы сәтті аяқталды. Никки үйіне оралған кезде оның салмағы 107 келі болыпты. Сосын біраз жылдар бойы сатып ала алмаған джинсы сатып алады.

Қазіргі уақытта Никкидің салмағы 88 келі. Ол велосипедті емін-еркін тебе алады. Оны тіпті ескі досы кездесуге шақыра бастаған. 

Дайындаған: Әсел Өтешова

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар