Мемлекет басшысы Форумның ашылу салтанатына қатысты. Сондай-ақ оған шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары және делегациялары келді. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде «Қытай бастаманы жүзеге асыру үшін (Бір белдеу, бір жол) Жібек жолы қорына қосымша 100 млрд юань құяды. Біз қаржы институттарын 300 млрд юань шамасында бағаланған операцияларды юаньмен жүргізуге шақырамыз. Қытайлық даму банкі және Қытай ЭКСИМ-банкі сәйкесінше 200 млрд юань және 130 млрд юань мөлшерінде инфрақұрылымдарды, өнеркәсіп қуатын және қаржыландыруды қолдаудың арнайы кредиттеу схемасын құрады»,-деген.
Айта кетсек, "Бір белдеу, бір жол" стратегиясын Қытай 2013 жылы жариялаған.
***
Форумның басты мақсаты - ынтымақтастықты жандандыру бағыттарын талқылау, өзара іс-қимыл платформаларын қалыптастыру және ынтымақтастық нәтижелері бойынша тәжірибе алмасу.
Іс-шарада инфрақұрылымдық байланыс, сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіптік инвестициялар, энергетика мен ресурстар, қаржылық қолдау, қоршаған ортаны қорғау сияқты маңызды мәселелер талқыланатын болады.
Пікір қалдыру