СОЛТҮСТІК КОРЕЯ ҰШЫРҒАН КЕЗЕКТІ РАКЕТА КӨРШІЛЕРІ МЕН АҚШ-ТЫ ҚОРҚЫТА АЛМАДЫ

/uploads/thumbnail/20170710063656921_small.png

КХДР батыс жағалауы маңындағы белгісіз жерде  реактивті снаряд ұшырған деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның әскерилері хабарлаған. Солтүстік Кореяның ракета ұшыруы көршілері Жапонияның, Оңтүстік Кореяның және АҚШ-тың қитығына тиеді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшырылған снаряд баллиcтикалық ракета болуы мүмкін.

«Солтүстік Корея бүгін таң атарда ракета ұшырды. Ракета типі белгісіз, Пхёнан-Пукто провинциясының Кусон ауданының шыға берісінде ұшырылды» деп ақпарат таратқан Ренхап.

Бұны АҚШ-тың Тынық мұхиттық қолбасшылығы қуаттап, ракетаның құрлықаралық емес екенін және Солтүстік Американы сескендіре алмайтынын айтқан.

Көршісінің ракета ұшыруына байланысты Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин қауіпсіздік кеңесін шақырған.

Жапон министрлер кабинетінің Ёсихидэ Суга болса ракетаның ұшу уақыты 30 минутқа жалғасып барып Жапон теңізінде құлағанын, Жапонияның экономикалық аймағына нұқсан келтіре алмағанын жеткізген.

Сугтың сөзіне сай, КХДР әрекеті БҰҰ қауіпсіздік кеңесі резалюциясын өрескел бұзушылық болып табылады.

Киодо агенттігінің жазуынша, жапон мамандары КХДР баллистикалық ракетаның жаңа типін сынақтан өткізуді жүзеге асыра алуы мүмкін емес деп болжайды.

Жапон билігінің мәліметінше ракетаның ұшу биіктігі 1000 км.  Ал, Оңтүстік Кореяның әскерилері ракетаның 700 км шамасында ұшқанын айтады.

Сәуірдің айында КХДР ұшырған екі бірдей ракета сәтсіздікке ұшыраған еді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар