Американдық музыкант өз-өзін тікелей эфирде өртеп жіберді (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710064254957_small.png

 Джаред Маклемор есімді 33 жастағы музыкантты достары құтқаруға қанша  тырысқанымен ол  суицид жасап қаза тапқан. АҚШ музыканты өз-өзіне жанармай құйып денесі қатты күйген соң қайтыс болған. Теннесси шататында жергілікті барлардың бірінде өзінің сүйіктісі Алисса Мурдың көзінше суицидке барған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Өзін өртеуге дайындалып Фейсбук әлеуметтік желісіне кіріп тікелей эфирге шыққан.

Куәгерлердің айтуы бойынша Джаред өзін өртемес бұрын сүйіктісіне: «Қош бол» деп айтқан. Марқұмның достары оны құтқармақ болып жедел жәрдем шақыртқан, алайда денесіндегі жарақаттардың ауырлығы салдарынан музыкант көз жұмды.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар