Трамп өз үйін $28 млн-ға бағалап отыр

/uploads/thumbnail/20170710064301551_small.jpg

Трамп өз үйін сатылымға қойды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Президент болған соң өзіне қажетсіз мүліктен құтылу үшін Трамп үйін сатылымға шығарды. Алғашқылардың бірі болып Кариб аралындағы зәулім үйі қойылды.

Бұл үйді Трамп 2013 жылы сатып алған болатын. Сатып алған уақыттан бері Трамп бұл үйді жалға беріп отырған.

Ал қазір сатылымға шығаруды ұйғарып, 28 000 000 долларға бағалап отыр.

Бір дереккөздердің мәліметінше бағасы келісімді, ал бір деректерде нақты $28 млн. Трамп бұл зәулім үйді 2013 жылы $20 млн-ға сатып алған. 4 жыл ішінде бағасына $8 млн. қосып отыр. Трамптың қолы тиген дүниенің барлығы пайданың көзіне айналып отыр.

Wall Street журналының  мәліметі бойынша Трамптың Excel Venture I LLC и Excel Venture Corp I алатын екі компаниясы бар.

Трамп үй-жайларды сатып алған соң оған барлық өнерін салғанын берілген суреттерден көре аламыз.

Байқап қарсаңыз, көп бөлігі алтынмен көмкерілген. Тіпті асханасы да алтыннан.

Le Château des Palmiers деп аталатын бұл үй Атлант мұхитынан 2 шаршы шақырым жерде орналасқан.

Дайындаған : Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар