Индонезия тұрғындары: Жеті жыл сайын бір серіктеспен төсектес болған адам бақытты адам саналады

/uploads/thumbnail/20170710064518303_small.jpg

Бәрімізге мәлім әр елдің өзіне тән мәдениеті, салты болады. Түрлі елдерді бір-бірінен ажыратып тұратын да сол мәдениет, сол салт. Енді назарларыңызға адам сенгісіз махаббат салттарын ұсынбақпыз. Кей жерлер үшін бұл салттар тым ерсі көрінуі мүмкін.

15 жастағылар үшін жұмақ лашықтар

Патриархалды Камбоджаның Ратанакири провинциясында креунг тайпасы мекендейді. Жергілікті салт бойынша тұрғындар 15 жастағы қыздарды өздерінің серіктерін іздеп табу үшін ерекше әдіс қолданады. Таңғаларлық, бірақ шындығы сол: әкелер өз қыздары үшін бамбук ағашынан кішігірім лашықтар салады, онда қыздары жігіттерін әкеліп, жыныстық қатынасқа түседі.

Сен менің бауырымсың

Непалда көп күйеулілік тәжірибеден өтуде, ғылыми тұрғыда – мұндай неке түрі полиандрия деп аталады. Шарт бойынша, әйелдер туған ағаларына үйленеді. Мұндай некеге түсінік дайын екен: мемелекет тығыз орналасқан, жер тапшы, ал полиандрлық неке бауырлар арасында жерді бөлмеуге мүмкіндік береді. Тағы бір қырынан алып қарасақ, мұндай неке салдарынан бала да көп болады. Үшіншіден, бірнеше күйеу үй жағдайын қалыпты ұстай алады, материалдық жағдай жағынан мұндай отбасы мүшелері алаңдамайды. 1963 жылы елде көп некелілікке тыйым салынған, алайда ол жердегі өмір мұны талап етіп тұрған көрінеді, сондықтан заңға қарап жатқан ешкім жоқ. Бүгінгі күні де Непалда мұндай неке түрі белең алуда.

Көзге шөп салу түні

Индонезия тұрғындары 7 жылда 1 рет «Пон» шарасын өткізеді. Шара мемелкеттің айрықша жері – қасиетті таулардың бөктеріндегі Ява аралында өтеді. Шараға қатысушылар түнімен өзіне бөтен адаммен жыныстық қатынасқа түседі. Тұрғындардың айтуынша, әр жеті жыл сайын бір серіктеспен төсектес болған адам бақытты адам саналады екен. Оның үстіне, мұндай шара сәттілік пен байлыққа әкеледі деп түсінеді.

Пуритандық жыныстық қатынас

Ирландияның Инис Биг аралында кішігірім католикалық қоғам өмір сүреді. Ауылда небәрі 100-ге жуық тұрғын тұрады, алайда бәрі бір сеніммен өмір сүреді. Махаббат мәселесіне келгенде қатал көрінеді, мәселен некеге дейін жақындасуға тыйым салынған. Бәрі баланың еркінен тыс ата-ананың қалауымен болады. Ал жақындасар сәтте тек сүйіс пен аймалауға ғана рұқсат етілген, бәрі классикалық түрде болуы шарт. Және ерлі-зайыпты бірге жатқанда үстілерінде міндетті түрде киім болады. Олай болмаған жағдайда, үлкен күнәға батамыз деп түсінеді екен.

Әйел эксгибиционизмі

Бугенвиль аралының түземдік әйелдері өз сезімдерін өзгелердің көзінше білдіруді жөн көреді. Салт солай.

Менің бірінші ұстазым

Тынық мұхитында Мангаиа атты арал бар, ол жердің салты да өзгеше. Ұл баланың жасы 13-ке келгенде махаббат істері жөнінде өзінен жасы үлкен мұғалім таңдайды. Он үште отау иесі дейді емес пе? Қазақтың бұл сөзі Тынық мұхиты тұрғындарын да айналып өтпепті. Мұғалім әлгі ұл балаға жыныстық қатынастың сырларын үйретеді. Ұстаздың міндеті – оқушыны отбасылық өмірге даярлау, әйеліне мейлінше қызмет көрсетуге үйрету.

Нағыз еркектер сусыны

Самбия тайпасының мүшелері ұлдарының нағыз еркек болып өсуі үшін еркектің жыныстық жасушалары бар ұрық қосылған сусынды ішуі керек деп түсінеді. Яғни, нағыз еркектердің сусыны. Мұндай тәжірибе 7-10 жас аралығында ұлдарға жүргізіледі, нәтижесі де оң болатын көрінеді. Тайпа мүшелерінің сенімінше, әлгі ұырқ – еркекке күш беретін өмірдің қайнар көзі.

Жануарлардың махаббаты

Жануарлармен қатынасқа түсу деген түсінік ешбір елде жоқ, Ливаннан басқа. Ол жерде ер адамдарға өздері асырап отырған жануарларды жақсы көруіне рұқсат етілген, қай жағынан алып қарасақ та. Алайда әлгі жануар міндетті түрде ұрғашы болуы тиіс. Ұрғашы болмаған жағдайда, ер адам өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Куәгерлердің қатысуымен өтетін неке түні

Колумбиялық Кали қаласында ерекше салт бар. Жас жұбайлардың алғашқы неке түні қалыңдықтың анасы мен некенің куәгерлері болған таныстарының көзінше орындалуы тиіс.

 Білім – күш

Маркиз аралында да жыныстық қатынас куәгрелердің көзінше болады, бірақ мұндағы айырмашылық, куәгерлер – ерлі-зайыптылардың балалары. Иә, иә... Олар да үйренсін, білсін, көрсін дейді екен француздық аралдың тұрғындары. 

Шолушы: Сабина Рамазан

Қатысты Мақалалар