21 ғасыр тек жаңа технологиялар емес, сонымен қатар қарым қатынастың жаңа даму кезеңі. Осы орайда, тіл білгеннің үлкен артықшылықтарға ие екені анық. Қазіргі заманның ең өткір де өтімді қаруы- тіл. Қанша тіл меңгерсең, дәл сонша мәдениет мен халық айнасы ашылатыны тағы бар.
Елбасымыздың үштұғырлы саясатына сәйкес, ағылшын тілі Қазақстан азаматының ең бірінші қажеттілігіне айналуда. Қазақ тілін ана тілі ретінде қастерлеген ұрпақ үшін ағылшын тілі халықаралық қатынас пен дипломатияның ең бірінші құралы ретінде өзектілігін арттыруда.
Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Шетел филологиясы» мамандығын тіл үйренуді алдына мақсат еткен оқырман назарына ұсынады. Осы жылы 75 жылдығын атап өткен университет республика көлемінде шетелдік білім беру саласындағы бірден бір альма матер болып табылады.
Әлем әдебиетін Гомерден бастап бүгінгі күнге дейін терең оқып үйренгісі, басқа халықтың мәдениеті мен әдет-ғұрпымен танысқысы, кәсіби деңгейде екі шет тілін меңгергісі келетін кез келген адам үшін бұл мамандық керемет мүмкіндік.
Ағылшын филология кафедрасы жас кафедралар қатарында болғанына қарамастан, тілді сүйетін талай түлектерді білім нәрімен сусындатып үлгерді. Кафедра оқытушылары лингвистика саласында қарқынды ғылыми зерттеулер жасап жүрген ғалымдар.
Әр тіл-ерекше әлем. Біз сіздерді осы әлемге қуана шақырамыз!