Асыранды бала өскеннен кейін анасына былай істейді деп ешкім ойламады

/uploads/thumbnail/20170710064535054_small.jpg

27 жыл бұрын асырып алған баласы, анасы үшін бүйрегін берді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Бірнеше жыл бұрын американдық Ингеборг Макинтош бала асырап алғысы келген.  Ингеборг  Джордан атты 4 жастағы бала үшін барын салады.

Баланың туған анасы баланы американдық немесе аралас отбасы асырап алғанын қалаған. Американдық  отбасы табылмағаннан кейін ғана Ингреборг Джорданды  асырап алуға рұқсат алады. Ингеборгтың айтуынша ол Джорданның қолын ұстағаннан-ақ  бақыты отбасы болатынын білген.

20 жыл өткеннен кейін Ингеборг бүйрек ауруына шалдығады. Джордан  анасына жасырын түрде донор болғысы келіп, талдау жасатқан. Нәтижесінде талдау сәйкес келеді.

Джордон ойланбастан ота жасауға келісім береді. Ингеборгтың Джордонға көрсеткен ана мейірімін ештеңемен қайтара алмайтынын Джордон айтып берді. Джордон анасын қатты жақсы көреді. Ота алдында Ингеберг Джорданның донор болатынын естиді. Ингеберг «бас тартуыңа әлі уақыт бар, дұрыстап ойланып ал»,- дейді баласына,  сонда Джордон «жоқ ана, мен сен үшін барлығын жасауға дайыниын», деп жауап береді.

Ота сәтті өтті. Отадан кейін Ингеберг «Мен жақсы ұлды Алладан сұрай алмадым»,- деп тіл қатқан. Қазіргі таңда Ингебергтің жағдайы жақсарған.

Шолушы: Ақнұр МҰХТАРХАН

Қатысты Мақалалар