Қазақстанда Норвегия күндері өтеді

/uploads/thumbnail/20170710064623648_small.jpg

Алматы мен Павлодарда Норвегия күндері аясында іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі strategy2050.kz-ке сілтеме жасап. 

Барлық шаралар 17 мамырда аталып өтетін норвегиялықтардың жалпыхалықтық сүйікті мейрамы Конституция күніне арналған. 

Алматыда 17-20 мамыр, Павлодарда 20-21 мамыр күндері ересектер мен балаларға арналған кездесулер, кештер мен шеберлік сыныптар өткізіледі. Сонымен қатар Алматыда 18 мамырда #NordicTravelPublicTalk: Норвегия бойынша саяхат шарасы өтеді. Онда Норвегия бойынша саяхаттаудың барлық ерекшеліктері атап көрсетіледі.

20 мамырда С. Бегалин атындағы балалар кітапханасында Норвегиялық ертегілер күні өтеді. Неміс театрының әртістері норвеж халық ертегілерін айтып береді. Айта кетерлік жайт, Қазақстандағы Норвегия күндерін Scandinavian Council мәдениет, өнер мен білім беру қоры ұйымдастыруда.

Шолушы: Айгерім Таубай 

Қатысты Мақалалар