БИЫЛ СЕНАТТА КІМДЕР ДЕПУТАТ КРЕСЛОСЫМЕН ҚОШТАСАДЫ?

/uploads/thumbnail/20170710064629586_small.jpg

ҚР Орталық сайлау комиссиясы  ҚазАқпарат сауалына жауап ретінде 2017 жылы өкілеттілік мерзімі аяқталатын ҚР Парламент Сенаты депутаттарының тізімін ұсынды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Төменде аталғандардың барлығы 2011 жылы сайланған болатын.

    1.Жабал Ерғалиев (Ақмола облысы)

    2.Елеусін Сағындықов (Ақтөбе облысы)

    3.Нұрлан Қылышбаев (Алматы облысы)

    4.Қайрат Ищанов (Атырау облысы)

    5.Талғатбек Абайділдин (Шығыс Қазақстан облысы)

    6.Ертарғын Астаев (Жамбыл облысы)

    7.Рашит Ахметов (Батыс Қазақстан облысы)

    8.Серік Ақылбай (Қарағанды облысы)

    9.Мұрат Бақтиярұлы (Қызылорда облысы)

    10.Жеңіс Нұрғалиев (Қостанай облысы)

    11.Бақтыбай Шелпеков (Маңғыстау облысы)

    12.Асхат Күзеков (Павлодар облысы)

    13.Серік Біләлов (Солтүстік Қазақстан облысы)

    14.Қуаныш Айтаханов (Оңтүстік Қазақстан облысы)

    15.Владимир Редкокашин (Астана)

    16.Ақан Бижанов (Алматы)

Кандидаттарды ұсыну 29 сәуірден басталып 28 мамырда аяқталады. Сайлау 28 маусымға белгіленген. 15 мамырдағы ОСК мәліметтеріне сәйкес, сайлауға 83 кандидат ұсынылған, оның 76-сы өзін-өзі ұсынса, қалғаны аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттар атынан тіркелген.

Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл.

 Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.

Қатысты Мақалалар