Мешіт имамы 38 келі марихуанамен ұсталды

/uploads/thumbnail/20170710064646523_small.jpg

Түркияның Анталия қаласында мешіт имамы 38 келі марихуанамен ұсталды. 37 жастағы Джасим Лачинкаяға 5 жыл 5 ай бас бостандығынан айыру және 10 мың лира  (879  мың теңге) ақшалай жаза кесілді деп хабарлайды aktifhaber.com.

Желтоқсан айында Анталия қаласында «жанды бомба» жүр деген хабарлама негізінде жергілікті полиция көліктерді тексеру барысында имам көлігінен 9 келі марихуана тауып алған. Имам жұмыс істейтін мешіт орналасқан Хисарчандыр ауданында тағы да 29 келі марихуана болған. Лачинкая жергілікті тәртіп сақшыларына  есірткінің Али Асланбай деген адамның мүлкі екенін, өзінің тек пайдаланушы болғанын айтқан. Имам берген түсініктеме негізінде Али Асланбайға 10 жыл 10 ай түрме жазасы берілді.

Ал өз кезегінде Асланбай имаммен арасында дау бар екенін алға тарта отырып, өзіне жала жабылғанын айтады. Сонымен қатар,  Кония қаласының Селчуклы аймағында ұзақ жылдар бойы имам қызметін атқарып, артынан зейнетке шыққаннан кейін ерікті түрде азан шақыру қызметін атқарған Y.Y. атты азаматтың ақша беріп, зина жасағаны белгілі болды aktifhaber.com.

Екі әйелі (біреуі ресми некеде) және 6 баласы бар 60 жастағы Y.Y. ақшалай көмекке мұқтаж әйелдермен мешіт ішінде жыныстық қатынасқа түскен. Haberturk агенттігінің хабарламасында: «Мешіт қызметкерінің озбырлығын Құран курсында оқып жүрген балалардан білген. Мешіт жамағатынан кейбір адамдар азан шақырушының әйелдерді мешітке кіргізіп жатқан тұсын ұялы телефондарына түсіріп алып, муфтиятқа жеткізген. Мешіт қызметкерінің зина жасағанына көзі жеткен муфтият оны қызметінен босатқан»,-делінген.

Мешіттен қуылғанын мойындаған Y.Y. : «Бұл туралы ештеңе айтқым келмейді. Мешітке бармағаныма 1 ай болды. Енді Умраға кетемін, бұл мәселелермен басымды ауыртқым келмейді»,-деп жауап қатқан.

 

Айдын Оспанов

Қатысты Мақалалар