Жатырсыз дүниеге келген әйел ана атанды

/uploads/thumbnail/20170710064709508_small.jpg

Винсент есімді жас сәби Швецияда өзінің ата-анасымен бірге өмір сүруде.  Бір қарағанда өзімен жасты балалардан еш айырмашылығы жоқ болып көрінеді. Алайда Винсенттің дүниеге келуіне дәрігерлер  көп күш жұмсаған, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Винсент әкесі Клаус пен анасы Малин екеуінің махаббатының  жемісі ғана емес медицинаның араласуы арқылы дүниеге келген сәби.  Бұл жағдайды әкесі мен анасы бір жыл бойы бүкіл әлемнен жасырып келген, алайда бұл медицинаның озық үлгісін танытып отырған жағдай көпшілікке жайылды.

Сәбидің дүниеге келуі әлемдегі мыңдаған әйелдерге үміт отын сыйлады.

Бұрын Малин өзін ешқашан ана бола алмаймын деп ойлаған. Сирек кездесетін туа біткен ауру бойынша әйел жатырсыз дүниеге келген. 29 жасқа дейін өзіне ана болу бақыты бұйырмайды деп санаған.

Алайда кәсіби гольф ойыншысы Клаус Нильсонмен отау құрғаннан кейін өмірі түбегейлі өзгереді. Ері әйелінің бедеу екеніне көнгісі келмей , түрлі жолдарын қарастыра бастайды.

Тарихта ең алғашқы жатыр ауыстыру 1931 жылы орын алған.  Алайда әйелдің ағзасы жаңа органды қабылдай алмай 3 айдан кейін көз жұмады.

Тарихтағы алғашқы сәтті операция  Түркия елінде 2011 жылы жасалады. Бірақ операциядан кейін әйел бала көтере  алмаған.

Ал Малин 2014 жылы өзінің ұлына жарық дүние сыйлап, қаншама сөнген үміттің отын қайта жақты.

Малинге өзінің жатырын 61 жастағы сол отбасының жақын досы сыйлайды. Жатыр берген әйелдің екі баласы ,4 немересі бар. Ал жаңа туылған Витсонды «жетінші кереметке» теңейді.

Операциядан кейін Малиннің жатырын алып тастауға тура келді. Витсонның інісі мен қарындасы болмайтыны анық , бірақ Витсонды бастарына қонған баққа балап отыр.

Дайындаған: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар