Соғыс кезінде неміс әскеріне қылымсыған әпкелі-сіңлі Оверистер осы әрекеті үшін марапатталды

/uploads/thumbnail/20170710064717633_small.jpg

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде болған жайттар туралы кейбір деректер әлі күнге дейін ашық айтылмай келеді. Солардың бірі Голландиялық әпкелі-сіңлі Оверстердің әрекеті.

Соғыс кезінде екеуі жас жеткіншек еді. Фредди жаңадан 14-ке толған. Осыған қарамастан фашистік Германияны жеңуге өз үлесін қосуға бекінді.

Неміс солдаттары періште кейіптегі кішкентай екі қыз олар үшін қауіпті екенін сезбеді. Траус пен Фредди немістерге қарсы өз сұлулығын пайдаланды. Қыздарға түрлі тапсырмалар жүктелді.

Фредди мен Траус неміс офицерлерінің көңілін өздеріне аудару үшін көшеге барынша дайындалып шығатын. Осылайша неміс әскерін орманға қарай алып шығуға әрекеттенді. Ал онда немістерді атып тастайтын. Жоғары шенді офицерлер болса маңызды ақпарат алу үшін тұтқынға алды.

 Соғыс аяқталғаннан кейін Фредди мен Траусты Голландия билігі арнайы марапаттады. Алайда әйелдер ұзақ уақыт фашистік Германияны жеңу үшін жасаған әрекетінің анық-қанығын жасырып келді. Тек қария шағында ғана немістермен күресте нендей әрекетке барғандарын ашық айтып берген.

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет

 

 

 

 

 

Қатысты Мақалалар