Ауа райы болжамы: үскірік жел соғып, үсік жүреді

/uploads/thumbnail/20170710064935792_small.jpg

Қазақстанға Батыс Сібірден келген суық атмосфералық фронттардың салдарынан еліміздің кей өңірлерінде ауа температурасы күрт төмендейді деп болжайды синоптиктер. Ауа райы болжамы туралы Қамшы ақпараттық агенттігі отандық БАҚ-тарға сілтеме жасап хабарлайды.

Кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай, жел күшейіп, түнде солтүстік аймақтарының кей жерлерінде үсік күтіледі. Республиканың тек оңтүстік және оңтүстік-шығысына суық ауа келмейді.

Суық атмосфералық ағыннан еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып қоймай, ауа температурасы да төмендейді. Солтүстік өңірлерде кей жерлерде түнде 0-3º аязға дейін салқындауы мүмкін, қар аралас жаңбыр жаууы да ықтимал. Суық атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда кей жерлерде қатты жауын жауады.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.  Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 2-3 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз найзағай мен жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел күші 15-23 м/с болады. Қарағанды облысында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай болады.

Қатысты Мақалалар