Ақтөбе облысында 641 мың гектар жерге егін егіледі

/uploads/thumbnail/20170710064928276_small.jpg

Ақтөбе өңірінде көктемгі далалық жұмыстар қызу жүріп жатыр. Биыл 641 мың гектар жерге егін егіледі, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Ақтөбе облысындағы егін егу науқанымен танысу үшін өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Қарғалы ауданына барды. Белгілі болғаны, биыл 641 мың гектар жерге егін егіледі. Оның тең жартысынан астамы, яғни, 383 гектары дәнді-дақылдар. Болжам бойынша 480 мың тонна астық жиналуы тиіс.

«Ең бастысы - егіс салу мерзімін созбау. Қазір бар күш пен қорды көктемгі егін егу науқанын уақытында аяқтау үшін жұмсау керек. Тұқымның сапалы болуы - өнімді мол алудың кепілі. Бұл мәселе талай айтылды. Азық-түлік қауіпсіздігін жүзеге асыруда негізгі күш ауыл ауыл шаруашылығына түседі.

Сондықтан біз егіс алқаптарын ұлғайтып, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарып алу жұмыстарын жалғастыра беретін боламыз. Шаруа қожалықтары топырақ құнарлылығын сақтай отырып, тыңайтқыштарды пайдалану, алқап өнімділігін арттыру, техниканы жаңғырту жұмыстарымен де шұғылдануы тиіс. Қазіргі кезде осы шаруалардың барлығына мемлекеттік қолдау тетіктері енгізілді. Тек мүмкіндікті тиімді пайдалану керек», - деді облыс әкімі Б.Сапарбаев.   

Айта кетейік, шаруаларға арналған 8,8 мың тонна арзандатылған дизель отыны Ақтөбеге жеткізілді. 

 

Шолушы: Назерке МҰСА

 

Қатысты Мақалалар