Ресейлік азамат туған күні ойдағыдай өтпегені үшін қайғыдан қан жұтып қаза тапқан деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
44 жастағы Ресей азаматы 12 мамыр күні өз туған күнін атап өтпекші болып салтанатты дастрахан дайындаған. Достары мен туысқандарынан құттықтау күткен ол туған күнімен әйелі мен балаларынан басқа ешкім құттықтамаған соң қатты қапаланған. Өз өкпесін жақындарына білдіріп ашуға булыққан. Әйелі мен балалары оны тастап кетіп қалса керек. Түн ортасында үйіне қайта келген әйелі күйеуінің өлі денесін есік алдынан тауып алған. Орын алған оқиғаға байланысты тергеу әрекеттері жүргізілуде. Марқұмның ішімдікке бейім еместігі анықталған, отбасы, тұрақты жұмысы болған.
Шолушы: Назерке МҰСА