Сәбиінің кіндігін бес күн бойы кесуге рұқсат бермеген әйелдің тәжірибесі осылай аяқталды...

/uploads/thumbnail/20170710065529114_small.jpg

Аустралиядағы Квинсленд штатының тұрғыны Клара Риба босанудың жаңа түрі – лотосты босануды дұрыс деп санайды. Оған сай, барлығы табиғи жолмен өтеді. Мәселен, ұрықжолдас мұндай үлкен роль атқарады. Баланың кіндігін кеспейді. Ол өздіген түсіп қалғанша күтеді.  Оған екіден жеті күн қажет болады.

Кішкентай Люктың ұрықжолдасы бес күнде түсті. Клара босану процессінің барлығы табиғи жолмен жүруін қалады. Алайда Клара өте маңызды мәселені ұмыт қалдырды. Ол Аустралияның ең ыстық мезгілінде босанды.

Ұрықжолдастан уақыт өте келе жағымсыз иіс шыға бастады. Не сепсе де көмектеспеді. Ол түсіп қалғаннан кейін де ұзақ уақыт үйді желдету керек болды.

Қазіргі таңда босанудың мұндай жолын көп адам қалай бермейді. Алайда кейбір дәрігерлер сәбидің кіндігін бірден кесіп тастауға болмайтынын айтады.

Мұны олар ұрықжодас бүлкілдеп тұрғанша оны сәбиден ажыратып алуға болмайтынымен түсіндіреді. Десек те, ұрықжолдастағы қанды қайта балаға қайтару үшін 2, 3 сағат қана қажет екенін айтады.

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет

 

Қатысты Мақалалар