Қалада жаңа тұрғын үйлер салынса, төбесі көкке жететін қарапайым тұрғын күндердің бірінде міндетті түрде көңілдері көолдей басылады. Бұл үрдіс елімізде дағдыға айналып кеткендей. Себебі, бірнеше қомақты сомадағы қаражатқа салынған «сапалы болуы тиіс» тұрғын үйлер 5-6 жылға да шыдамай құлап жатады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Алматы арнасының хабарлауынша, Алғабас ықшамауданының тұрғындарынан тағы маза кетті. Сәуірде жауған жауыннан соң, онсыз да іргетасы сыр берген №156 үйдің үстіңгі қабаты ауытқи бастапты. Әуелде бұған мән бермеген халық, баспаналарының қабырғасы күн сайын айтарлықтай еңкейіп бара жатқанын байқаған. Маңайдағы үйлердің іргетасын нығайтып жатқан жұмысшылар, тұрғындарға бұл баспананың қабырғасы 40 смге дейін қисайғанын айтыпты. Содан бері жұрттың үрейі ұшырып отыр.
«Былтыр 15 см қисайды, комиссия бұны қалыпты деп айтты деді. Жарты ай бұрын 24 деді. Ал, кеше бір жұмыскерден білдіртпей сұрасақ, ол 40 см деп айтты. Жарты метрге үйіміз қисайып тұр. Сондықтан, бізде түнде ұйқы жоқ, күндіз күлкі жоқ. Балаларымызды жеке үйге тастауға қорқамыз»,- деді қала тұрғыны Гүлнәр Кәріпжанқызы.
«Үйдің жағдайы отырғанда кәдімгідей біреу қозғап тұрған сияқты сықыр-сықыр етеді. Есіктер ән салады. Ас бөлмемнің есігін сықырлай бергесін алып тастадым»,- деді тағы бір құала тұрғыны.
Дабыл қаққан жұрттың жан айқайын жергілікті әкімдік естіген. Бірақ, атқамінерлер үйді апатты деуден аулақпыз дейді. Өйткені, баспананың 40 смге ауытқығаны, ел арасындағы жаңсақ пікір көрінеді.
«Біреулер арасында сол тұрғындардың өтірік айтқан. 40 см кетіп қалды, сендердің үй қауіпті деп. Соны біреу жіберіп, елдер үркіп қалды»,- деді Алатау ауданының әкімі, Бағдат Мәнізоров..
Мемлекеттік бағдарламамен салынған үй осыдан 3 жыл бұрын қолданысқа берілген. Көппен бірге қуанып, қоныс тойын тойлағандардың бірі Айнұр Қобыланды. Медицина қызметкері бұл пәтерге ұзақ жыл кезекке тұрып қол жеткізген. Сол қуанышы енді көпке созылмайтын түрі бар. Қазір Айнұр тұрған үй аутқығаны өз алдына, қабырғаларына да жарық түсіп, сыртқы сылақтар сөгіле бастаған.
Зәре құты қашқан тұрғындар үйлерінің апатты екенін айтып төтеншеліктерге шағымданған. Алайда, құтқарушылар баспанадан тұрғындарды көшіретіндей қауіп жоқ деп кесіп айтыпты. Десе де, қисайған қабырғадан қорыққан халық мамандар нысанды мұқият тексеріп, қаншалықты қауіпті, қауіпсіз екенін анықтап берсе деп отыр.
Шолушы: Гүлім Жақан