Кез-келген адам өзіне ең жақын адамды қуантып, бақыт сыйлау үшін сыйлық сыйлайтын даусыз. Әсіресе туған күн кезіндегі сыйлық адамның естен кетпейтін естелігіндей болып қалады. Ал мына әйел күйеуіне естен кетпейтіндей ерекше сыйлық сыйлады. Күйеуі бұл сыйлықты өмр бойы ұмытпайтын шығар.
Алғашында күйеуінің көзін жұмып тұруын өтінген әйел көзін ашқан сәтте оған бірақ қорапты береді. Бұл керемет тосынсый болатынына әйелі сенімді болатын.

Ақ қорапты ашпас бұрын жігіт онда қол сағат бар деп ойлаған екен. Бірақ қорапты ашқаннан кейін ол қуаныштан көщіне жас алды.

Әйелі сыйлық ретінде жүктілікті анықтайтын тестті сыйлаған. Жігіт бұл арқылы сүйіктісінің аяғы ауыр екенін біледі. Әке атанатынын білген сәтте еріксіз жылап жібереді.

Аталған сыйлық жігіт үшін ең қымбат сыйлық болғаны анық. Жақындарымызды кішкене сыйлық арқылы қуантып, бақытты қылуға болады.
Шолушы: Әсел Өтешова