Славян жазбалары мен мәдениеті күндері өтеді

/uploads/thumbnail/20170710065715037_small.jpg

(Сурет мұрағаттан алынды)

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК славян жазуы мен мәдениеті күніне орай ағымдағы жылдың 23 мамырында Астана қаласында  Славян жазбалары мен мәдениеті күнін өткізеді. Шара аясында «Түркі-славян байланысындағы тіл және әдебиет: қазіргі заман көзқарасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылады.

    Конференцияны өткізудің мақсаты – Қазақстан этномәдени кеңістігіндегі славян тілдерінің алуан қырлы қызметі мен оларды сақтап қалу мәселелері жөнінде пікір алмасу, орыс және өзге де славян тілдерін оқыту бағытындағы жинақталған тәжірибелермен алмасу, ғасырлар тоғысындағы славян және түркі халықтарының өзара тығыз қарым-қатынастарының жолдары мен құндылықтарын талқылау.          

Конференцияда славянтану, түркітану, тілдік қатынас, аударматану, әдебиеттану салаларындағы белгілі қазақстандық ғалымдар баяндама жасайды деп жоспарлануда.

Конференцияға Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен Мәдениет және спорт министрлігі өкілдері, Қазақстан Республикасындағы славян және түркі мемлекеттері елшіліктерінен келген арнайы қонақтар, белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер, этноағартушылық мектептер мен БАҚ өкілдері қатысады.

Шара М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында мерекелік  концертпен жалғасын табады.

Қатысты Мақалалар