Сирия Демократиялық күштері тарапынан Табка аймағында жасалған әскери операция барысында ДАИШ-ты насихаттайтын түрік тіліндегі кітаптар табылды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі aktifhaber.com хабарына сүйеніп.
ANF агенттігінің хабарлауы бойынша, тінту барысында табылған «Шахадат жолындағы жиһад ерлері», авторы Харун Илхан (Şehadet Yolunda Cihat Erleri, Harun İlhan ) атты кітап Стамбулдағы «Куресел Китап» баспасынан шыққан. Баспа Стамбулдағы туристердің көп жиналатын атақты Үскідар ауданында орналасқан. Кітап ешқандай шектеусіз Интернет беттерінде жарияланған және таратылған.
Кітапта оқырманды ашық түрде зұлымдық пен қаталдыққа шақырады. Кітапқа негіз болған Харун Илхан 2003 жылы Ыстамбұлда теракт жасады деген айыппен сотталып, 2007 жылы өмір бойы бас бостандығынан айырылған. Сот залында жасаған қылмыстарын дұрыстығын және мұсылман еместерге қарсы зұлымдықты қолдайтынын айтқан. Сотқа жиналғандар алдында «Бұл дәуірде кәпірлерге қарсы қылыштан басқа амал жоқ» деген.
Журналист Ахмед Дижле өзінің твиттер парақшасында ДАШ-ты насихаттаған кітаптың Стамбулда басылғанын, баспа жерінің әлі жұмыс істеп жатқанын айтқан және мекен-жайын да көрсеткен.
Анар Ақбақай