Астанадағы түнгі клубтардың бірінде тыр жалаңаш шешініп билеген монах әйелдері Казнет қолданушыларының ашуына тиді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Монах әйелдерінің киімін киген гоу-гоу қыздары Era – Ameno Dorime әніне билеп жатып соңына қарай үстіндегі киімдерін шешіп тастайды.
Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі христиан дінін ұстанушыларды қорлады десе, тағы бірі мұнда тұрған ештеңе жоқ, жап-жақсы би, ал қыздарды сынап, тиісе беру өткен заманның ісі деген пікірлер білдіруде.
Видеоның астына жазылған бірнеше пікірлерді айта кетсек:
«Бұл біздің дініміз болмаса да басқа ұлттардың дінін құрметтеу қажет. Басқа стиль таппаған ба? Түкке тұрғысыз».
«Осылар өздерінің ата-аналарының, әжелерінің алдында осылай билей алады ма екен? Тыр жалаңаш билесе де, дінге қатысты киімдерді кимей-ақ қойса болар еді».
Міне, осы сынды пікірлер көптеп жазылған.
Дайындаған: Назерке Лабихан