Жыл бұрын Сан-Франциско қаласының Эрика Карнер есімді тұрғыны үйіне жөндеу жұмыстарын жасауды ойға алады. Жөндеу жұмыстарын жүргізетін жұмысшылар гараждың орнына да қазу жұмыстарын жүргізген. Қазу барысында жұмысшылар таңғажайып дүниеге тап болады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Жұмысшылар кішкентай қыз жерленген қабірді табады. Қабыр сыртына мөр басылғаны белгілі болып отыр.

19 ғасырда бұл жерде мола болғаны анықталды. Адамдардың денесін басқа жерге көшіру жұмыстары жүргізілген, бірақ осы жерде қалып қойғандары да жетерлік.
Қыздың денесі жақсы сақталған. Оның ашық түсті шаштары лаванда гүлдерімен көмкерілген. Қабір ішінде мәйіттің бүйір жағы мәңгі жасыл ағашпен қоршалған. Жерлеу барысында мәйітті бальзамдап қойғаны анық . Осының бәрін ескере келе табыттағы қыздың ауқатты отбасыдан шыққандығы күмән тудырмайды.

Табыттың Карнер ханымға тиесілі жерден табылуына байланысты жергілікті билік басындағылар қызды басқа жерге жерлеуге қол ұшын созды. Рұхсат алу үшін Эриканың біраз шығындалғаны да өтірік емес. Эрика қыздың аты-жөнін білу үшін түрлі анализдерді өз қаржысына жасатқан. Сол кезде ғана қыз балаға қайтыс болғаны туралы куәлік беріліп, жерлеуге рұхсат берілген.

Эрика ана ретінде табыттағы қыз алдында өзін борышты сезінген. Тіпті қызға Миранда деп есім берген. Алайда анализ қорытындылары бойынша қыздың есімі Эдит Кук екені анықталды. Эдит Кук 1876 жылы 13 қазан күні қайтыс болғаны да мәлім болып отыр. Ал өлімнің себебі, жұқпалы аурудан болған.
Болған оқиға БАҚ өкілдері арқылы көпшілікке тарау нәтижесінде бірнеше мекеме қаржылай көмек көрсету үшін Эрикаға хабарласқан.
Дайындаған: Айгерім Таубай