Айуандыққа барып жануарларды азаптайтын дипломаттың келесі әрекеті әдеттегісінен асып түсті

/uploads/thumbnail/20170710065916836_small.jpg

43 жастағы Александр Шилин Сыртқы істер минстрлігінде қызмет атқарған. Ол өз үйінде танысын, сосын оның кішкентай қызын өлтірген деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Ол әйел мен оның қызын өлтіргеннен  кейін өз-өзін өлтіріпті. Бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Алайда табысты, интелектуалдық деңгейі жоғары адамның сондай қылмысқа не үшін барғаны белгісіз, жұмбақ болып отыр.

Александр Шилин әлеуметтік желідегі белсенді мүше екен. Әлеуметтік желісінде адам саны көп болғанымен, шынайы өмірде ешкімі жоқ деуге де болады.

Александр аңшылықпен айналыса бастағаннан кейін таныстары мен туыстары араласпай кеткен. Ол жануарларды қалай өлтіргенін суретке түсіріп, әлеуметтік желіге салып отырыпты. Бұл суреттер бергі жағы болатын. Ол аңдарды қалай азаптап өлтіретінін жиі айтып отыратын. Сонымен бірге содан рахат алады екен. Оны азаптап өлтірген кездегі суреттерді барлық таныстарына жіберіп отырыпты. Ол аңшылыққа деген құмарлығын бірнеше сағат бойы айтып отыра алады. Әрине бұл әңгіме барлық адамға ұнай бермейтін еді. Осылай ол барлық достары мен танысынан айрылған.

Басқа танысының айтуы бойынша, оның осындай сорақылыққа бару себебі оның Азия еліне сапары деп болжап отыр.

«Біздегі көп адамдар Азияда тұрды. Ол жердегі дәстүр де, өмір де басқа. Ол жерде секталар өте көп болғандықтанАлександрдің  психикасына әсер еткен секілді. Ол өзге елде ешқандай таныстары мен достарынсыз барды. Әйелі де Мәскеуде қалған»,- дейді Александрдің қызметтесі.

Оның айтуы бойынша, Александр өлтірген әйел оның көңілдесі болуы мүмкін. Бірақ бұл әйелді танымайтынын айтты. Бұл оқиға бойынша тергеу әлі де жалғасуда.

Аударған: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар