Бүгін күндізгі 10:50-де Астанадағы Қошқарбаев көшесінің бойында жүк көлігі мен жеңіл көліктің қатысуымен жол апаты орын алды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Жол апатынан зардап шеккендердің бірі баласы бар әйел екен. Ол әйел 3 жастағы баласын ауруханаға апара жатқан екен. Жол апаты болған соң әйел жол бойында көлік тоқтатып тұрған. Оған Рахат Сұлтанғазы атты астаналық тұрғын көмектесіпті. Сонымен бірге болған оқиғаны өзінің facebook парақшасына жариялаған.Оның баласы 3-қабаттан құлап қалыпты. Әйелдің мұрны апат кезіндегі соққыдан сынған. Бірақ ол өз жағдайынан гөрі баласының жағдайына алаңдап отыр. Қанша дегенмен ана ғой. Баласының табанына кірген тікен маңдайыма кірсін дейтін аналардың баласына деген махаббатын дәл осы сәтте байқауға болады.
Қазір кішкентай бала ауруханада жансақтау бөлімде ес-түссіз жатыр. Ал Мастер мекен-жайындағы №2-ауруханада алғашында біраз мәселе орын алған. Аурухан қызметкерлері баланың жағдайын көре тұра балалар ауруханасы емес екендігін айтып алғашқы көмек көрсетпеген.Сол жерде әйел байғұс айқай шығарғаннан кейін барып алғашқы көмек көрсеткен.
Шолушы: Әсел Өтешова