Қазақ елін асқақтаnsg, абыройын көкке көтерген жас әнші Димаш Құдайберген Париждегі Global Gift Foundation қайырымдылық кешіне қатысты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Бұған дейін Париждегі өтетін шараға Димашты америкалық танымал актриса, кеш ұйымдастырушысы Ева Лангорияның шақырғаны туралы хабарланған.

«Парижде 16 мамыр күні өтетін Global Gift Gala шарасында ән айту мен үшін үлкен абырой», деп жазған еді әнші өзінің жеке парақшасында.
Global Gift коммерциялық емес қайырымдылық қорының мақсаты - көмекті қажет ететін балалар мен әйелдерге және отбасыларға қолдау көрсету. Ева Лонгория мен ол негізін қалаған Eva Longoria Foundation және Global Gift Foundation қайырымдылық қоры бірнеше жылдан бері бірлесіп қызмет етуде.
Шолушы: Гүлім Жақан