Телемұнарадан секіріп кеткен ерлі-зайыптылардың видеосы пайда болды

/uploads/thumbnail/20170710070022306_small.png

Екі сағат бойы Ақтөбе полицей қызметкерлері суицид жасамақшы болған ерлі-зайыптыларды райынан қайтаруға тырысқан. Екі жақтың бір-бірімен келіссөздерін журналистер видеоға түсірген деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Видеода полиция Владимирдің әкесіне ұлымен сөйлесуін сұрап жатқанын естуге болады.  Ерлі-зайыптылар мұнараға ешкімді жолатпаған. Полицияға да, құтқарушыларға да жақындауға тыйым салған. Тіпті Асельдің шешесі жақындағысы келген, жылап, өтінген, бірақ оны да жақындатпаған. Арада біраз уақыт өткен соң Асель мен Владимир ешкімнің сөзіне қарамастан мұнарадан секіріп кеткен. Бұл шешімге не себеп болғанын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. 
Еске салайық, оқиға 15 мамырда болған. Ерлі зайыпты телемұнараға шығып, секіріп кеткен. Олар оқиға орнында қаза тапты. Кейін ерлі-зайыптыға қатысты жантүршігерлік деректер анықталды. Өз кезегінде Ақтөбенің білім басқармасындағылар әкесі мен өгей шешесі телемұнарадан секіріп кетіп, қаза тапқан жеті жасар Кристина Шустер жайлы айтып берген болатын.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

 

Қатысты Мақалалар