Туркия президенті Реджеп Эрдоған Америка көшбасшысы Дональд Трампты Түркияға отбасымен бірге келуге ұсыныс жасады. Пресс-конференция барсында Эрдоған осындай мәлімдеме жасаған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Трампты осындай жылы қабылдау үшін алғыс білдіремін. Оны да өз отбасымен Түркияда күтемін»-деді Эрдоған.
Айта кетейік, Түркия көшбасшысы Вашингтонмен арада орнап жатқан байланысты жаңа бастама деп есептейтінін осыдан бір апта бұрын мәлімдеген болатын.
Шолушы: Назерке МҰСА