Ұлыбритания тұрғыны серуендеп жүрген кезде көзіне ерекше тиін түскен деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
52 жастағы әйел серуендеп жүргенде спортшы тиінді байқаған. Тиіннің қара терісі мен жаттықан бұлшыққеттері адамның денесіндегі «кубиктарға» ұқсаған. Тиін әйелдің дәл алдына келіп отырып алған. Әйел мұндай ерекше қара түсті тиінді бірінші рет көргенін айтқан.

«Өзінің спорттық денесін маған көрсетіп біраз отырды» дейді әйел. Шын мәнінде, тиін терісінің жаттыққан адамның денесіне ұқсауы – көп адамдарды таңқалдырған.
Шолушы: Назерке МҰСА