Қытайлық Лю Елиньнің жасы 50-де. Алайда көпшілік оған ары кетсе 30-да шығар деп ойлайды. Ол өзінің 22 жастағы баласының қасында оның сүйген қызы секілді болып көрінеді деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Өзгелер оның сымбатты денесі, әжімі жоқ бет-әлпетіне қатты қызығушылық танытуда.

Людің айуы бойынша супермаркетте де адамдар сұлулығының құпиясын айтуын сұрайды екен.

Оның құпиясы ол жас кезінде мүлдем косметикалық құралдарды пайдаланбаған, пластикалық операцияларды жасамаған.

Негізінен ешқандай құпия жоқ. Ол 30 жасынан бастап өз сымбатына көңіл бөлген. Үнемі секіргішпен секіріп, жеңіл атлетикамен айналысады.

Сонымен бірге күнделікті көлге түседі екен.Сонымен бірге жас көрнетін қытай қызы қыс мезгілінде көлге жүзгенді жақсы көреді екен.

Оның өмірлік ұстанымы: «егер өздеріңізге көңіліңіз толмаса, онда өзіңізбен дұрыс жұмыс жасамай жүрсіз».

Оның әлеуметтік парақшасына 75 мың адам тіркелген.



Дайындаған: Әсел Өтешова