Қазіргі кезде жынысын ауыстырғандардың саны артып келе жатыр. Бұндай сұмдық әрекетке баратындар атақты болуды ғана ойлайтын секілді. Шетелде жынысын ауыстырғандар атақты сәнбикелерге айналады. Осындай жағдайлар қазақ жерінде де орын алып жатыр. Әрине, өкінішті. Бұрынғы ата-бабаларымыз біз үшін, тәуелсіздік үшін малым жанымның, жаным арымның садақасы деп күрескен емес пе еді?! Алайда қазіргі қазақ жастары да сол шетелдің кез-келген түкке тұрғысыз дүниелеріне қызығып, солар секілді әрекеттерге барып жүр. Сондай бір жиіркенішті әрекетке барған шетел азаматының бірі Кассандра Касс.

Ол қазір Голливудтағы атақты сәнбике. Кезінде ол қарапайым, сүйкімді ұл бала болған. Оның 4 ағасы бар. Сонымен бірге оларды әкесі жалғыз өзі тәрбиелепті. Әкесі ұлдарын үнемі спорттық үйірмелерге қатыстырып отырған. Ол өз ұлдарының қыздың жұмысын жасауға жол бермейтін еді.

Ал кішкентай ұлды көбісі қызбен шатастыратын. Бір күні ол әкесіне: «Әке, мен әйел болғым келеді», - деп айтқан көрінеді. Ал әкесі ашулана қарап:«Ол кезде сен кімге керек боласың? Сен әлемдегі ең ұсқынсыз әйел боласың»,- деген.

Жігіт 18 жасқа тола салысымен ақша жинау үшін Флоридаға кетіп қалады. Ол Кассандра атану үшін 10 жылы мен 250 мың доллорын жұмсаған.
Кассандра болуы үшін ринопластика жасаған, сонымен бірге ернін үлкейтіп, кеуде жасатқан. Ең бастысы жынысын ауыстырыпты.

Қазір ол өзі секілді «қиналған» жандарға көмектесіп жүр. Ол жынысын ауыстыруды ойлап жүргендерге қолдау білдіріп жүр.
«Енді мен керемет әйелге айналдым. Менің оқиғам өзгелерге шабыт беретініне сенімдімін»,- деп мәлімдеген.
Жынысын ауыстырғанын жасырмай, ашық айтып беретіндердің саны артуда. Егер бұлай жалғаса беретін болса онда әлем құрдымға кететіні сөзсіз. Жастар неге жынысын ауытыруға құмар болып барады? Себеп біреу. Үйдегі тәрбие. Кез-келген әке өз ұлын нағыз жігіт қылып тәрбиелейтін болса осындай сорақылықтар кішкене де болса азаятын еді.
Дайындаған: Өтешова Әсел