Балалары соқыр, мылқау болып дүниеге келген ана қайғыдан қажыған еді, алайда өмірінде күтпеген ғажайып болды

/uploads/thumbnail/20170710070857173_small.jpg

16 жыл бұрын Лиза Данн үшемге жүкті еді. Лизаның қуанышында шек болмады. Алайда көп уақыт өтпей-ақ тағдыр сынағына ілікті. Лиза қыздарды операциямен дүниеге әкелді. Үшемде күні жетпей туылғандардың ретинопатия бар екені және көз ауруына шалдыққаны белгілі болды. Соның салдарынан қыздар көру қабілетінен айырылды. Ал қыздар екіге толғанда антибиотиктің әсерінен құлақтары естімей қалды. Үшемге ерекше күтім қажет еді. Ол уақытта ауыртпалыққа шыдамаған қыздардың әкесі отбасын тастап, кетіп қалған. Олардың үш қыздарынан бөлек, тағы бір қызы бар.

Лиза Данн төрт баланы тәрбиелеп, үй шаруасымен айналысып, күн көріс қамын да ойластыруы керек еді. Жалғыс басты анаға өте қиынға соқты. Күйеуінен ешқандай  материалдық көмек ала алмады.  

Бір күні Лизаға бұрынғы Джордж есімді жігіті хабарласты. Екеуі айырылысып кетсе де Джордж Лизаны сүюуін тоқтатпаған екен.

Джордж Лизаның төрт қызын туған баласындай қабылдады. Екеуі бірге оларды тәрбиелеп, өсірді. Қыздар да Джорджқа бауыр басып кеткен. Оны әкесіндей көреді. Қыздар туған әкесінен көрмеген қамқорлықты Джорджан көргенін айтады. Және әке махаббатын сезіне алғандығы үшін Джорджқа алғыстарын білдіреді. 

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар