Бердібек Сапарбаев Қарғалы ауданының Шәмші ауылында салынып жатқан ауыл клубының құрылысымен танысты, деп жазды Қамшы ақпарат агенттігі tilshi.kz-ке сілтеме жасап. Әкімге мәдениет ошағының сыртқы келбеті де, сәулетшілер бекіткен дизайн да ұнамады.
«Бұл клуб қой. Сарай немесе мал қора емес. Неге фантазияларыңа ерік бермейсіңдер? Кішкене ойланып, қиялға ерік беріп, қосымша элементтер неге пайдаланбасқа?», — деп ренжіді облыс басшысы.
Құрылыс жұмыстарының аяқталуына әлі екі айдан астам уақыт бар. Сондықтан, облыс әкімі бой көтеріп жатқан нысанның сыртқы келбетін әлі де дұрыстауға мүмкіндік барын меңзеді.