ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Иоган Меркель ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі болып тағайындалды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Иоган Меркель басқа қызметке тағайындалуына байланысты ҚР Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметінен босатылды» деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.
Иоган Меркель 2008 жылы Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарған. Әр жылдары Әділет министрінің бірінші орынбасары, Президент Әкімшілігінде бөлім меңгерушісі, Сенат депутаты болып қызмет етті.