Полиция қызметкерлреі қыздардың арын саудалаған екі жеңгетайды қолға түсірді

/uploads/thumbnail/20170710071102393_small.jpg

Астаналық полицейлер екі жеңгетайды қолға түсірді. Ұсталған әйелдер енді бес жыл мерзімінде жазасын темір тордың ар жағында өтейтін болады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі patrul.kz басылымына сілтеме жасапү

"Астана аумағында өткізілетін "Құқық тәртібі" жедел алдын алу іс-шарасы барысында жеңгетайлық жасаудың екі дерегі анықталды. Қаладағы сауналардың бірінде 44 жастағы әкімші әйел қолға түскен, ол клиентін 26 жастағы жезөкшемен ақшаға табыстырған. Сонымен қатар, Ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тағы бір саунаның әкімшісін аталмыш кәсібі үшін құрықтады. Анықталғандай, бұл әйел белгілі бір табысты көздеп, қасақана 30 жастағы сауна клиентін 33 жастағы жеңіл жүрісті қызбен таныстырған. Сол үшін де ақшалай сыйақы алды", - деп мәлімдеді Астана қ. ІІД-нде.

Екі жеңгетай уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Тергеу жүргізілуде.

Еліміздің бас қаласында өткізіліп жатқан "Құқық тәртібі" жедел алдын алу іс-шарасы тәртіптілік пен қылмыстық ахуалды тиісті түрде ұстауға, сондай-ақ, Астана қаласының көшелері мен қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған.

Қатысты Мақалалар