Белгісіз ер адам полиция қызметкерлеріне шабуыл жасап оларды өртеген

/uploads/thumbnail/20170710071555101_small.jpg

Жапонияда белгісіз ер адам екі полицей өкіліне жанармай шашып өртеген. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Окинава аумағында орын алған шабуыл кезінде екі құқық қорғау органдары өкіліне өмірлеріне қауіп төнген. Өз құрбысын ұрып-соққандығы үшін кінәланған ер адамға шағым түкен. Пәтеріне барған екі полиция өкілі жанармай иісін сезген. Оларды қаруланған ер адам шабуыл жасап жанармай шашып, өртемек болған. Нәтижесінде құқық қорғау органдарының бірі қолын жарақаттап, екіншісінің беті күйіп қалған.

Қылмыскер ұсталып, құқық қорғау органдарының өміріне қауіп төндіргені үшін жазаланбақ. 

 

Шолушы:Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар