Жол-көлік апатында 18 адам зардап шеккен. Олардың екеуі – Түркия азаматтары, қалғандары –ресейлік азаматтар.
Бүгін сағат 10-дар шамасында Түркияда туристер автобусы аударылып кеткен деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жаап.
Автобус Бодрумнан Памуккалеға экскурсияға жол жүріп бара жатқан. Қазіргі уақытта РФ-ның Анталиядағы елшілігі апат туралы ақпаратты тексеріп жатыр.
Шолушы: Назерке МҰСА