2016 жылы Қытай билігі шетелге қашып кеткен 2,5 мың жемқорды елге қайтарды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, қашқын шенеуніктерді қолға түсіру үшін 2 жыл уақыт қажет болды.

ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрлігі қашқын шенеуніктерді ұстау үшін арнайы «Әуе жүйесін» іске қосты. Ол арқылы 951 жемқор шенеуніктің 72 елден тапқан.

«Қытай 2566 қашқынды 90 елден алып келген. Осы арқылы ел бюджетіне 8,6 миллиард юанді қайтарды» дейді Синьхуа агенттігі ресми дереккөзге сүйеніп.
Барлық қашқын шенеуніктің 1238-і өз еркімен елге оралған. «Әуе жүйесінің» арқасында ақша жымқырып, онымен шетелге қашып кеткісі келетін шенеуніктердің саны қысқарған. 2014 жылы 101 адам шетелге қашып кетсе, 2016 жылы олардың саны 19-ға түскен.
Елге алып келінген шенеуніктердің бірең-сараңы ғана барлық мүлкі тәркіленіп, ұзақ мерзімді уақытқа түрмеге отырады. Көбі өлім жазасына кесіледі.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет