Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне Ресей кедергісі еңсерілді

/uploads/thumbnail/20170708154811903_small.jpg

Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына  жақын уақытта мүше болады. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді. ҚазАқпарат жазғандай, қазіргі таңда Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру барысындағы келіссөздердің соңғы сатысын жүргізуде. Соған сай Қазақстанның қатысты тараптармен көпжақты және екіжақты келіссөздері белсенді жүріп жатыр.

«Еуропа Одағы және АҚШ-қа байланысты екі негізгі мәселе бар болатын. Соның ішінде Еуропа Одағы бойынша мәселелер шешілді деп айтуға болады. Жақын аралықта екіжақты келісімге қол қоятын боламыз. Сонымен қатар, көпжақты мәселелер бойынша, соның ішінде ауыл шаруашылығын қолдауға қатысты сұрақтар да біржақты ыңғайланып қалды деуге болады», - деп жауап берген депутаттар сұрағына министр Досаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ДСҰ-ға қосылған Ресей тарапынан орын алған кедергілер еңсерілген.  «Осыған орай, ағымдағы жылдың соңына дейін келіссөздер белсенді түрде жүргізілсе, соның нәтижесі бойынша Қазақстанның ДСҰ-ға нақты қай уақытта кіретіні де айқын болады», - деді Ерболат Досаев.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар