Әлемде ерекше аурумен ауыратындарды Қамшы ақпараттық агенттігі назарларыңызға ұсынады.
Колумбия елінде Мангали Гонсалес есімді 13 жастағы қыз терісінің ерте қартаюының кесірінен 90 жастағы әйелге ұқсайды. Қыз сегіз миллион адамнан бір ғана адам ғана ауыратын аурумен ауырады. Мангали тері ауруымен ауырса да, көңілді өмір сүруге тырысады.


Сиерра Сваринген есімді 20 жастағы қыз сирек кездесетін аурумен ауырады. Сиерра туылғаннан кейін денесінде дақтар пайда болған. Дәрігерлердің айтуынша дақтарды кетіру мүмкін емес және оны кетіру өте қауіпті екен.



Америка Құрама Штатының тұрғыны Александра Аллен сирек кездесетін аурумен ауырады. Александраның судан аллергиясы бар. Александраға суға түсуге, жаңбырдың астында жүруге болмайды. Александра суға түскен кезде аллергиясы бірнеше күнге созылып кетеді.


18 жастағы Хантер Штайниц есімді қыз сирек кездесетін тері ауруымен ауырады. Хантердің тері күйіп қалған теріге ұқсайды. Хантердің терісі өте жұқа болғандықтан көзін барына жұма алмайды және саусықтарын бүге алмайды.



Джорджия Гринда сирек кездесетін аурумен ауырады. Джорджия бірнеше күн ұйықтайды және бірнеше күн ұйықтамай жүре алады. Джорджияға күнделікті сабаққа бару қиындыққа соқтырады. 22 жасына дейін Джорджия отыз бес рет ес түссіз ұйықтаған және ұйқысы бір жылға дейін созылған кездері болған екен. Джорджияның ауруы тек 30 жасында ғана жазылады.


Дайындаған: Ақнұр МҰХТАРХАН