Техас шататының Томбола аймағында 10 жастағы Дрейк Медингердің қатерлі ісік ауруынан көз жұмар алдындағы суреттері кез келген адамға өмірдің мәнін түсінуге әсер ететіні сөзсіз деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Баланың анасы Джессика Медингер ауруға шалдыққан ұлының суреттерін желіге жүктеп, жанына жан тебірентер әсерлі сөздер жазған.
«Бұл жағдай Дрейкті жуындыруға апара жатқанда болды. Жаялық киген себебі де сол аурудан еді. 75 % ол өзінің зәр шығаруына жауап бере алмайды. Азып-тозып сүйегі ғана қалды. Мен оны тым құрығанда бір қасық ас ішкізуге көндірумен боламын. Күніне бір стақан су ішуі үшін барымды саламын. Түнде ол менің жанымда ұйықтайды. Оның да себебі бар. Ол жалғыздықта жан тапсырудан қорқады. Менің үнемі жанында болғанымды қалайды».
2012 жылы Дрейкке аққан ауруының диагнозы қойылды. 2016 жылы Дрейктің отбасы ауруды жеңдік деп ойлады. Алайда ауруы қайтадан асқына бастады.
Дрейк Медингердің жуынатын бөлмеде түсірілген суретін 80 мың желі қолданшылары жеке парақшалары мен түрлі топтарға бөліскен болатын.
Қатерлі ісік ауруына қарсы Love What Matters аталатын шетелдік ұйым баланың оқиғасын көріп, акция бастады. Акция аясында кез келген адам 10 жастағы Дрейкті қолдап хат жібере алады.
Хатқа анасының мықты болуға шақыратын сөздерін жазып қалдырғандар да болды.
«Қатерлі ісікке шалдыққан кез келген науқас химиялық ем қабылдайтыны белгілі. Мен жүктеп отырған сурет бүгін таңертең түсірілді. «Жаялықта тұрған суретін неге жүктейсің?» деп сан сауалдың астына алмас бұрын мен жауап берейін:
- Ол суретте ұлым әдеттегі ішкиіммен көлемі бірдей жаялықта тұр.
- Екіншіден, өмір барлығына күліп қарай бермейді. Ал рак ауруы адамның дене бітіміне зиян келтіретіні белгілі.
Күн өткен сайын уақыт талғамай, тіпті, түннің ортасында тұрып: «Мама, мен өлген соң аспанға тап боламын. Ол жақтан әкемді көріп, онымен ойнай аламын ба?» деген сұрақтар қоюда.
Рак- төсегіңнен тұрып, керек жеріңе бару да қиындық тудыратын ауру.
Асқазанында ештеме болмаған соң берген дәрілерді лақтырғанда ет жүрегің езіліп, көзіңе еріксіз жас келеді.
Бір қасық ас ішкізу үшін сан түрлі амал ойлап тауып отырасың.
Ауры денесіне қол тигізбестей халге жеткенде, ауруды басатын дәрі қолдануға тура келеді.
11 жасқа толмай дүниеден өтуден қорқамын деп тіл қатқанда, сен күреспесең де мен күреемін деп күш берумен болдым.
Дрейк – менің әлемім. Дрейкке аяғым ауырлағанын білгеннен соңғы сәтке дейін ол менің бар өмірімнің мәні болды. Ол – менің күлкім, менің махаббатым, менің жүрегімнің соғысы. Ол менің көз жасым мен менің жүрек ауруым, менің қайғым».
Ананың балаға деген теңдессіз махаббаты шексіздікпен пара-пар. Ақ сүтін беріп, аялап өсірген ананың жан айқайы қаншама жүректі тебірентіп, қаншама адамға ой салғаны сөзсіз.
Дайындаған: Айгерім ТАУБАЙ
Пікір қалдыру