2015 жылдың желтоқсанында 15 жастағы анорексияға шалдыққан Пиппа Макманус өз-өзіне қол жұмсаған. Мұндай қадамға бармас бұрын қыз хат қалдырып кетіпті. Хатында «Мен барынша күресуге тырыстым, бірақ анорексия меннен мықтырақ болып шықты» деп жазылған.
12 жасында Пиппа өзінің салмағының ауырлығына алаңдай бастайды. Ол өзге балалар секілді күн кешіп жүрген: теледидар қарайды, компьютермен ойындар ойнайды, түрлі бағдарламаларды қарайды. Өзіне қатты ұнаған бағдарламалардың бірі – «Нағыз әйел қандай болуы керек?» еді.
Сөйтіп, өзінің иегінің толықтығына көңілі толмайтын болып шықты, бұл «мәселемен» күресудің жолын да іздестіріп бақты.
Уақыт өте келе, қыздың ата-анасы оның тым жүдеп кеткенін байқайды. Сөйтіп, 2015 жылы Рождество кезінде, қыз есінен танып қалады. Ауруханаға жеткізілгенде, салмағының небәрі 27 келі болғаны анықталады. Қыз анорексия ауруына шалдыққан, тамаққа деген тәбеті бұзылып, жүдеп кетуіне әкеліп соққан.
Бұл жағдайдан соң қыз дұрыс тамақтану жүйесінің бұзылуымен күресетін ауруханаға жатады. Бірде, тірі өлікке айналған Пиппа бөлмеден қанға боялған пышақ пен хат ұстаған күйі табылады.
Алайда, қыз аман қалады. Ата-анасы аурухананың кері әсер етіп жатқанын байқап, қыздарын үйлеріне алып кетеді. Екі күннен соң үйге полицей келіп, қыздарының пойыз астына түсіп, қайтыс болғанын хабарлайды.
Мұны білген отбасы мүшелері естерінен танып қалады. Бірақ өздерін қолға алған ата-ана қыздарының қайтып келмесін біліп, ең болмағанда өзге қыздардың денсаулығы, өмірі үшін «Дұрыс тамақтанбау жүйесімен күрес» атты қайырымдылық қорын ашады.
Ата-ананың бұл қадамы, Пиппаның оқиғасы дәл осындай сорақылықтың алдын алатындай өзге қыздарға үлкен сабақ болды. Бірнеше қыздың өмірін құтқарып қалды.
Шолушы: Гүлім Жақан
Пікір қалдыру