«Бір адаммен айтылған әңгіме бір кітап оқығанмен барабар»,– дейді massaget.kz жастар порталының авторлығындағы «АЙНА» жаңа жобасының кезекті қонағы.
Иә, байқағаныңыздай бұл кісі әдебиет ауылының тұрғыны. Жастардың ақпараттық талғамын қалыптастырып, ізгілікке деген құлшынысын арттыруды мақсат тұтқан бағдарлама шығарылымының бүгінгі қонағы — жазушы, Қазақстан Республикасының Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының, халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері Бексұлтан Нұржекеұлы.
Әңгімені әдемі әзілмен бастаған ел ағасы бағдарлама барысында жас буын санасын селт еткізер пікірлерімен ақылды қозғап, толғамдар теңізіне бойлатты.
Пікір қалдыру